RU
Шахтинскіде өзі сүймейтін жігіттің құда түсетінін естіген қыз жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Шахтинскіде өзі сүймейтін жігіттің құда түсетінін естіген қыз жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Шахтинск қаласында осымен бір апта бойы 19 жастағы Ақерке Оспанованы іздестіріп жатыр. Бойжеткен 24 ақпан күні өзі қаламайтын жігіттің ата-анасы оған құда түскелі жатқанын естіп, үйінен қашып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ

Өзі қаламайтын жігіттің құда түсетінін білген қыз үйінен қашып кеткен

Өзі қаламайтын жігіттің құда түсетінін білген қыз үйінен қашып кеткен

Белгілі болғандай, Ақерке - атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген қыз. Ал құда түспекші болған жігітпен кезінде арасып сөйлескені бар.

Жігіттің ата-анасы Ақеркенің әжесіне хабарласып, тек өз ниеттерін білдірген. Алайда әжесі оның оқуын тәмамдауы керек екенін ескертеді. Той күні туралы сөз де болмаған көрінеді.

Немересінің бұрын соңды жасамаған қылығын әжесі түсінбегенін айтады.

Кейіннен анықталғандай, Ақеркенің сүйіктісі бар болып шықты. Өз махаббатына қосыла алмаудан қорыққан қыз үйден қашу - жалғыз шешім деп тапқан көрінеді.

Ақерке білім алып жатқан мекеменің айтуынша, бойжеткен емтиханнан кейін әдеттегідей кетіп қалған.

Үйде немерелерінің жоқ екенін аңғарған ата-әжесі есік алдындағы хатты тауып алады. Онда Ақерке өз жігітін сүйетінін және одан басқа ешкімге тұрмысқа шықпайтынын жазып кеткен. Өз сүйіктісімен кетіп қалғанын да жазған қыз оған алаңдамауын өтінген.

Алайда қашып кеткеніне бірнеше күн өткен қыз үйіне әлі оралмады. Хабарсыз кеткен бойжеткенді іздеп, қара уайымға салынып отырған туғандары оған іздеу салуға мәжбүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
3
6
5
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel