Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да әкімнің баспасөз хатшысы жастарға шетелге кетуге кеңес берді

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебай жұмыссыз жастардың қаптап кеткеніне алаңдаушылық танытты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-дағы шенеунік жастарға шетелге кетуге кеңес берді
ОҚО-дағы шенеунік жастарға шетелге кетуге кеңес берді: UGC

Бұл туралы ойын ол желі парақшасына бөлісті.

«Жастарды АҚШ-қа, Еуропаға баруға кеңес беремін. Елде жұмыс жоқ. Ол жақта бар. Сағатына төлейді. Мұрын қанайтын жұмыс емес ол жақта. Айына 4-5 мың $ табуға əбден болады. Біріншіден, тіл үйренеді, екіншіден, ел көреді» деп жазды ол.

Бұл жазбадан соң біз баспасөз хатшысына хабарласып, мұндай ойына не түрткі болғанын білмек болдық.

«Өткенде елбасының өзі оңтүстікте жұмыссыздық өте көп деп айтты ғой. Әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық. Біраз таныстарым, інілерім бар АҚШ-қа кетті. Сол жақта жұмыс істеп жатыр. Жағдайлары жақсы, тіл үйреніп жатырмыз, айлықты уақытылы аламыз дейді. Ол жақта сағатпен төлейді ғой... Жұмысты бізден таппаған жағдайда сонда барған дұрыс қой. Қазір өзің де білесің, бізде жұмыс табу қиын...»,-деді Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы. Сонымен қатар Дәурен Дүйсебай мырза бүгінде жастардың көбі бірден жақсы қызметке отырғысы келетінін алға тартып, шетелге барғанның зияны жоқтығын айтты.
«Шетел көрген жақсы ғой бір жағынан, системасын үйреніп келеді. Ең бастысы, тіл үйрену ғой. Сол бағытта жазғанмын (автор: желі парақшасындағы жазба) негізінде әшейін...» деп сөзін түйді баспасөз хатшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719964-oko-da-kimni-baspasz-hatsysy-zastarga-setelge-ketuge-kees-berdi/

pixel