RU
Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын ашып айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Әли Оқапов атышулы Ақбота Сейітмағамбетпен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады. Әнші бұл жайында Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады.

Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады

Әли Оқаповтың бейнебаянын тамашалаған көрермендер Ақбота Сейтмағамбет пен әншіден жарасымды жұп сүйсінген болатын. Ол уақытта көпшілік Әли мен Ақботаның арасында шын мәнінде махаббат болғанын білмеген.

"Расымен Ақбота екеуміз кездестік. Бірақ одан бері біраз уақыт өтті. Ол кезде Ақбота шоу-бизнеске енді келген болатын. Тым жас еді. Біз гастрөл уақытында танысқанбыз", - деді Әли Оқапов атышулы Ақбота-Нұрға қатысты.

Сондай-ақ әнші Ақбота Сейтмағамбетпен сезімдерінің жараспау себебін тұсіндіріп берді.

"Екеуміз де жас болдық. Мен ол кезде Ақбот екеуміз бір-бірімізге сай емеспіз деп ойладым", - деген Оқапов өткен шақтағы сезімдерін мойындады.

Айта кететіні, Роза Рымбаева ұлы мен Ақбота Сейтмағамбет арасындағы сезімнен хабарсыз екен.

"Анам білген күнде де ештеңе айтпайды. Себебі ол кісіге менің бақытты болғаным ғана керек", -деді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
6
6
4
19
36
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel