RU
Астана қалалық Әділет департаментіндегі шенеуніктер 22 млн парамен ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Астана қалалық Әділет департаментіндегі шенеуніктер 22 млн парамен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Астана қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Рауан Рамазанов пен басқарма басшысы Еркін Дәулетбаев 22 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Қазинформ агенттігі Елорда Инфо сайты Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Фото: today.kz

Фото: today.kz

Министрліктің ақпаратына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Дәулетбаев пен Рамазановты 2018 жылдың 28 ақпаны күні тұтқындады.

Шенеуніктер «атқарушылық өндіріс бойынша арестті алып тастағаны» үшін 22 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабымен («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен пара алу») іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Белгілі болғандай, Рауан Рамазанов бұған дейін құқыққорғау органдары жүйесінде жұмыс істеген. 2012-2014 жылдар аралығында Алматының Түрксіб ауданында прокурор орынбасары болды. Кейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде қызмет еткен.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болған.

Еркін Дәулетбаев Тараз қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
13
1
1
2
3
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір