RU
Екібастұзда өгей әкенің қорлығына шыдамаған әйел оны өлтіріп тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Екібастұзда өгей әкенің қорлығына шыдамаған әйел оны өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Екібастұзда әйел өзін, әпкесін және анасын ұзақ жылдар бойы қорлап келген өгей әкесін өлтірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Айыпталушы әйел анасының жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылғанын естіген соң өгей әкесінің басынан және денесінен арматурамен бірнеше рет ұрған. Қатты ашу үстінде ол өз-өзін тоқтата алмай қалыпты.

Қылмыстық іс материалы бойынша, қаза тапқан ер адам отбасы мүшелерін қорлап, күш қолданып келген.

Екібастұз қалалық сотында айыпталушы әйел Қылмыстық кодекстің 101-бабы (Ашу үстінде кісі өлтіру) бойынша өз кінәсін мойындады.

Айта кету керек, өгей әкесін ашу үстінде мерт қылған келіншек ұл тәрбиелеп отырған ана. Сондықтан сот алқасы оны бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесіп отыр. Құқық қорғаушылап қылмыстың ауырлығын және іс бойынша жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерді.

Алайда сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
7
2
4
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel