RU
Батыс Қазақстанда ВИЧ-ке шалдыққан әйел өз дертін емізулі баласына жұқтырып алды
Жаңалықтар Қоғам

Батыс Қазақстанда ВИЧ-ке шалдыққан әйел өз дертін емізулі баласына жұқтырып алды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны күйеуі мен туыстарынан ауруын жасырамын деп жүріп, жаңа туылған нәрестесіне кеуде сүті арқылы дертін жұқтырып алған деп хабарлайды Мой Город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

2017 жылы ВИЧ инфекциясына шалдыққан төрт әйел баласын босанады. Олардың бірі нәрестесіне қауіпті дертін жұқтырып алған.

"Әйел өз баласына ауруды жұқтырды. Ол күйеуі мен анасына ВИЧ инфекциясына шалдыққанын айтуға қорыққан. Туыстарынан ауруын жасырып жүріп, баласын емізіп келген. Мұндай ауруға шалдыққан әйелдер бала тууға құқылы. Себебі қазіргі таңда профилактикалық шаралардың арқасында бұл аурудың анадан балаға берілуімен күресуге болады", - дейді Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының қызметкерлері.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
9
3
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір