RU
Алматыда белгісіз азамат көшедегі әйелдің баласын күшпен тартып алып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда белгісіз азамат көшедегі әйелдің баласын күшпен тартып алып кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматылық әйел белгісіз азаматтың көшеде баласын күшпен тартып алып, қашып кеткенін мәлім етті деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бычков Демьян

Бычков Демьян

Бала ұрлығы туралы хабарламаны бүгін, 4 наурыз күні қорғаушы Жанна Уразбахова өзінің Facebook парақшасында мәлім еткен. Оның айтуынша, Жандосов пен Науаи көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатып, жылап отырған әйелді көріп қалады.

Жәбірленуші бос бесік арбасын ұстап отыр екен. Ол белгісіз бір азаматтың өз сәбиін көшенің қақ ортасында тартып әкеткенін жеткізген. Оқиға күндізгі сағат 4-5 шамасында болыпты.

Әйелдің айтуынша, баланы ұрлаған оның әкесі емес.

Жоғалған бала - бес жасар Бычков Демьян.

Тәртіп сақшылары баланы іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Оны көріп-білгендер болса +77071618809 нөміріне хабар берулеріңізді сұрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
10
6
2
3
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір