RU
Оскар-2018: Лос-Анджелесте әйгілі кинопремияны табыстау рәсімі басталды (онлайн)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Оскар-2018: Лос-Анджелесте әйгілі кинопремияны табыстау рәсімі басталды (онлайн)

Рассказать Вконтакте

Лос-Андежесте кинематография саласындағы әйгілі кинопремияны салтанатты табыстау рәсімі басталды. Биыл 90-шы рет өткізіліп отырған шара Долби театрында өтуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Оскар-2018: Лос-Анджелесте әйгілі кинопремияны табыстау рәсімі басталды (онлайн)

Оскар-2018: Лос-Анджелесте әйгілі кинопремияны табыстау рәсімі басталды (онлайн)

Салтанатты кешті жүргізу құрметіне ие болған Джимми Киммел былтыр да кеш басқарған еді.

Биыл академиктер Үздік фильм номинациясы үшін үміткер тоғыз фильмді таңдап алды. Олар - "Темные времена", "Дюнкерк", "Прочь", "Леди Берд", "Призрачная нить","Секретное досье", "Форма воды", сонымен бірге "Три билборда на границе Эббинга, Миссури".

Тұтас алғанда режиссер Гильермо дель Тороның "Форма воды" фильмі 13 номинация бойынша сыйлық алған картина болды. Ал Дюнкерк Кристофер Ноланның "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмі 8 номинацияны жеңіп алса, Мартин картинасы 7 номинация ұтып алды.

Қазіргі таңда кино саласындағы салтанатты шараға актерлер, режиссерлер, сценаристер және т.б. кино майталмандары келуде.

Әйгілі Голливуд актрисалары Николь Кидман мен Дженифер Лоуренс алғашқы болып қонақтар қатарын толықтырды.

"Малыш на драйве" фильмінде басты рөлді сомдаған Энсел Элгорттың қызыл кілемдегі суреті қызу талқыға түсуде.

Луки Гуаданьиноның ең үздік тоғыз картинаға енген Call Me by Your Name фильмінде басты рөлді сомдаған Тимоти Шаламе мен Арми Хаммер де қызыл кілемде суретке түсті.

Режиссер Грета Гервиг үздік режиссер номинациясына ұсынылып отырған жалғыз әйел. Оның "Леди Берд" фильмі әлем бойынша үздіктер қатарына енген.

Call Me by Your Name/Мен өз есіміңмен ата фильмінің сценарисі Джеймс Айвори қызы кілемге картинада басты рөлді сомдайтын Тимоти Шаламенің суреті жапсырылған жейде киіп келген.

Мэри Джей Блайдж Мадбаунд фермасы" фильміндегі рөлі үшін рөлі үшін "Екінші пландағы үздік актриса" номинациясына ұсынылған.

Оскар-2018: Лос-Анджелесте әйгілі кинопремияны табыстау рәсімі басталды (онлайн)

Оскар-2018: Лос-Анджелесте әйгілі кинопремияны табыстау рәсімі басталды (онлайн)

Ресейлік актер Андрей Звягинцев те Оскар-2018 шарасына келіп жетті.

Қызыл кілемге 2007 жылы "Ханшайым" фильміндегі рөлі үздік деп танылған актриса Хеленн Миррен де келген.

Кинопремияның онлайн көрсетілімін мына жерден көруіңізге болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір