RU
Мирзиёев өзбек шенеуніктеріне тойға баруға тыйым салды
Жаңалықтар Әлемде

Мирзиёев өзбек шенеуніктеріне тойға баруға тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің 2 наурызда Навои облысына барған сапары кезінде «Озодлик» қызметіне президенттің аудиожазбасы келіп түсті. Онда Сенат мемлекеттік шенеуніктерге тойға баруға тыйым салатын қаулы шығаратыны туралы айтылған деп хабарлайды Centralasian.org басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мирзиёев өзбек шенеуніктеріне тойға баруға тыйым салды

Мирзиёев өзбек шенеуніктеріне тойға баруға тыйым салды

Мирзияев бұл сөздерін Ташкентте 27 ақпанда импорт және экспортқа арналған үкіметтің видеоселекторлық жиналасында айтқан секілді.

Онда Мирзияев «мемлекеттік шенеуніктерге адал жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасағанын, енді олардың халыққа жұмыс істеу үшін қатаң талап ететінін» айтады.

«Ертең қаулы жарық көреді. Министрлерге, хоким және атқарушы билік өкілдеріне салтанатты шараларға баруға тыйым салынады. Егер шайханалардан мемлекеттік нөмірі бар көліктерді көретін болсам, оның иесін бірден жұмыстан шығарамын», – дейді Шавкат Мирзиёев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
4
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel