RU
Павлодар тұрғыны әйелдерге қол көтеретін еркектерді піштіріп тастауды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар тұрғыны әйелдерге қол көтеретін еркектерді піштіріп тастауды ұсынды

Рассказать Вконтакте

"Павлодар онлайн" сайты оқырмандарының бірі мемлекет химиялық кастрацияның қолдану аясын заңды тұрғыда кеңейтіп, алимент төлемейтін, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсететін еркектерді де піштіріп тастау керек екенін жазды деп хабаралйды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодар
"Педофилдермен шектеліп қалмау керек. Кастрациямен кез келген зорлық-зомбылықты, балаларға ғана емес, әйелдерге қатысты озбырлықты да жазалауға болады", — деп кеңес берген өз хатында Людмила Севырина.

Павлодар тұрғыны педеофилдерге арналған дәріні "ас үй боксшыларына" егуді ұсынды.

"Ол дозасына қарай белгілі бір уақыт қана әсер етеді емес пе, дұрыс түсіндім бе? Әйеліңді ұрдың ба, жарты жыл белсіз жүресің! Тағы қол қөтерсең, тағы бір жыл еркек болмай жүре тұр. Бұлай жалғаса бермейтініне сенімдімін: бір рет дәрі егілгеннен кейін-ақ қол жұмсауды мүлде қояды", — деп жазды Севырина.

Ол мұндай шараны зорлықшылар мен алимент төлемейтін әкелерге де қолдануды ұсынды.

"Баланы жалғыз өсірудің машақатын жеке тәжірибемнен білемін, әкесі жұмысы жоқтығын сылтауратып жылдар бойы бір тиын да төлемейтін. Егер ер азамат тастап кеткен баласын баға алмаса, кешіріңіз, оның тағы бала тудыруға қақы жоқ екені сөзсіз!

Борышкерлерді кастрация жасаймыз деп қорқытып, толық қарызын төлеуге бір тәулік беру керек: уайым жеген әкетайлар сол заматта ақша табады! Алайда алиментті тағы да кешіктірсе – айып етпесін. Билік менің ұсынысыма құлақ асады деп үміттенемін!" — деп жазды әйел.

Бұл хат әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды. Оқырмандардың пікірі екіге жарылып: кейбірі ер азаматтарға тым қаталдық танытқан авторды айыптаса, көптеген әйел бастамаға қолдау білдірген.

Айта кетер болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы норма енгізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
5
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel