RU
Ақтөбелік шенеунік жастарға Сапарбаевтың үйіне концерт қоюға кеңес берген
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік шенеунік жастарға Сапарбаевтың үйіне концерт қоюға кеңес берген

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мемлекет басшысының өзі ашылуына қатысқан шығармашылық орталықтан шу шықты. Өңір ақындары өздеріне есік ашқан «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығына «сыймай» жатқандарын айтып, шағымданды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік кәсіпкер ақындарға Сапарбаевтың үйіне барып өлең оқуға кеңес берді

Ақтөбелік кәсіпкер ақындарға Сапарбаевтың үйіне барып өлең оқуға кеңес берді

Орталық басшыларына шығармашыл ақындардың шулап жұмыс жасағаны жақпай қалыпты.

«Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын ба екен «Сапарбаев ақтөбелік ақындарға кабинет берді» деп сүйінші сұраған едім. Қуанышым бір айға созылмады. Елдің көзінше «осы жерде үздіксіз өлең оқылып жатсын, шығармашылық үзілмесін» деп әлдақандай қылып берген кабинеттерін бір айға жеткізбей қайта тартып алды. Бір айда екі мюзикл жасап жібергеніміз жақпай қалды ма екен?

«Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйінің директоры кеше ашықтан-ашық қуды бізді. Қойылымымызға тура екі сағат қалғанда залдың есігін кілттеп тастап, бізді кіргізбей қойды» ,- деп жазған танымал ақын Индира Кереева Facebook желісіндегі парақшасына.

Ақтөбелік шенеунік жастарға Сапарбаевтың үйіне концерт қоюға кеңес берген

Индира Кереева. Фото: facebook

Оның айтуынша, шағырмашалық орталықтың сахнасын пайдаланғандары үшін ақы да төлейді екен.

«Біресе әкімшілігі, біресе күзетшісі келіп қайта-қайта "шуламаңдар, сөйлемеңдер, дыбыстарыңды шығармаңдар" деп ескертумен болды. Ау, репетиция жасап жатқан адамдар қалай сөйлемей отырады?
Тегін емес, азды-көпті билет сатып, содан түскен қаржыны сахнасын бергені үшін төледік. "Жұбановтар әлемінің" директоры тіпті "қоятын қойылымдарыңды әкімнің үйіне барып жасаңдар" депті», - дейді Кереева.

Шығармашылық орталықта шыққан шу туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы да хабардар болып шықты.

«Бізге арыз айтылған жоқ. Шағым туралы Facebook желісінен көрдік. Бізде «Шүғылп» жас ақындар клубы 2010 жылдан бастап Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жанынан ашылып, сол жерде жұмыс жасап келді.
Жұбановтар әлемі ашылғаннан кейін сонда кабинет бөлінген. «Жұбановтар әлемі» орталығының директорымен сөйлестім. Ақындарды ол жерден ешкім қуып жатқан жок екен», - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Нағашыбайқызы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel