RU
Италиялық футболшы матч алдында қонақүйден өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Әлемде

Италиялық футболшы матч алдында қонақүйден өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Италияның «Фиорентина» командасының қорғаушысы Давиде Астори қайтыс болды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлемдегі ең танымал футбошлыардың бірі көз жұмды

Әлемдегі ең танымал футбошлыардың бірі көз жұмды

31 жастағы Давиде Астори командасымен бірге Удинезе қаласына келген.

Бүгін Италия чемпионатының 27-туры аясында Удинезе-Фиорентина матчы өтуі керек болатын.

Алайда «Фиорентина» командасының капитаны Астори белгісіз жағдайда қайтыс болып, кездесу кейінге шегерілген.

«Фиорентина қайғы жұтты. Клубтың капитаны Давиде Астори аяқ астынан көз жұмды», - деп жазды клубтың ресми сайты.

1987 жылы өмірге келген Давиде Астори футбол мансабын «Портизола» академиясында бастады. 2001 жылы «Миланның» жастар құрамасына алынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
6
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір