RU
Қазақтың домбырашы жігіттері халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақтың домбырашы жігіттері халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Рассказать Вконтакте

Ригада өткен "Восходящие звезды" халықаралық байқауында қазақстандық "Бастау" домбырашылар дуэті бас жүлдені жеңіп, Голливудқа жолдама алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақтың домбырашы жігіттері халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Қазақтың домбырашы жігіттері халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Бұл туралы топтың продюссері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Сүйінші!!! "Бастау" тобы Латвия астанасы Ригада өткен "Восходящие звезды" xалықаралық байқауына қатысып, әртүрлі музыкалық аспаптарды артқа қалдырып, қазақ домбырасымен БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!!!
Басты сыйлық - Hollywood-та өтетін үлкен шоуға жолдама алды!!! Құтты болсын, Қазақ елі! Қуан, Қазақстан! Голливуд, кездескенше!!! Бізге қолдау көрсеткен Айман Қожабекқызы Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс!!!, - деп жазды ол.

Қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары ақжарма тілектерін арнап, жағымды пікірлерін қарша боратты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір