RU
Серікбол Сайлаубек ешқашан қытайларға ұрығын сатпайтынын кесіп айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Серікбол Сайлаубек ешқашан қытайларға ұрығын сатпайтынын кесіп айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

YouTube желісінде жарияланатын "Ұнамаса қарама" атты бағдарламаға қонақ болған Серікбол Сайлаубек өзіне өрескел сұрақ қойған журналиске қоқан-лоққы көрсетті. Ол жүргізушіні "топас" деп атап, бағдарлама шырқын бұза жаздады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағдарлама барысында шығармашылығы, өнері жайында сөз қозғаған журналист сонымен бірге ел арасында жүрген сыбыс туралы да айтып қалды.

«Сәке, аспан асты еліне ұрық сатады деген сөз шығып жатыр, естіп жатырмыз. Ұрық көп пе сізде сонда? Қаншаға сатып жатырсыз?", - деген журналист әншінің ашуына тиіп кетті.

«Сенің сұрақтарың бір түрлі екен өзің сияқты. Сен де бір түрлі бала екенсің. Сұрақтарың да бір түрлі. Жүрейін енді бақа-шаян жейтіндерге ұрығымды сатып. Сен кішкене ойлансаңшы не сұрақ қойып отырғаныңды?
Екі дүниеде де мен қытайларға ұрығымды сатпаймын. Ондай ой да, ештеңе де болмады. Сен қазақтың жігітінің намысына тиетіндей сөз айтпа», - деп ашуланған әнші журналисті "топас" деп атады.

Ол тіпті дастарханнан тұрып, жүргізушіге қоқан-лоққы көрсетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
4
4
1
6
68
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel