RU
Астана әкімі соққыға жығылған бүлдіршіннің ісін өз бақылауына алды
Жаңалықтар Қоғам

Астана әкімі соққыға жығылған бүлдіршіннің ісін өз бақылауына алды

Рассказать Вконтакте

Бес жасар қызды ұрып-соғу оқиғасын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов өз бақылауына алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Астана әкімі соққыға жығылған қыздың ісін өз бақылауына алды

Астана әкімі соққыға жығылған қыздың ісін өз бақылауына алды

Астана әкімі таяқтың астына алынған бес жасар қыз туралы жаңалыққа пікір қалдырып, онымен ІІБ айналысып жатқанын мәлім еткен.

"Бұл мәселе қолға алынды. Полицейлар істі тексеріп жатыр. Ал одан кейін қыздың өзіне ең оңтайлы жерді қарастырамыз. Мүмкін балалар үйіне алып қаламыз", - деді басшы.

Осыдан кейін қазақстандықтар қызды асырап алғысы келетіндерін айтып, пікір қалдырған.

"Кешіріңіз, бірақ балалар үйінде баланың психикасы бұзылады. Адамдар оны қамқорлығына алуға дайын. Осы - ең дұрыс шешім. Біз Алматы қаласының тұрғындары, оны өзімізге алуға дайынбыз", - дейді Жәния Әділбек.

"Мен қазір ғана қалалық балалар ауруханасынан келдім. Мені ішке кіргізбеді. Оған бөтен адамдарды мүлдем жолатпайды екен. Мен медбикелерге нөмірімді қалдырып кеттім де, үйге қайтар жолда әбден жыладым.

Не үшін періштені ата-анасынан айырып, осындай күйге түсірген? Біз жақсы заманда өмір сүреміз ғой. Адал жұмыс істесең, Алла несібеңді береді.

Әкем үнемі айтады, заман күшті, адам өзгерген деп. Шынында, не істерімді білмеймін. Тек оны алып кетіп, құшағыма қысып, махаббатымды бергім келеді", - деп жазады Diamond Diamond деген тіркелуші.

Facebook қолданушыларының сөзіне сүйенсек, соққыға жығылған қыздың ісімен Зағипа Балиева айналысып жатыр екен. Ол істің ІІМ-не жіберілгненін хабарлапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
5
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір