RU
35 жыл сахнада «ерігіп» жүрмедік: Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналиске жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

35 жыл сахнада «ерігіп» жүрмедік: Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналиске жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, "ерке қыз" атанған әнші Мақпал Жүнісова отандық басылымдардың біріне сұхбат беріп, өнер иесін «әншілер қатарына жатқызбаймын» деген белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіттің сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші Мақпал Жүнісова журналиске қатысты пікірін өзінің Instagram парақшасында жазған.

Онда эстрада жұлдызы «35 жыл сахнада ерігіп жүрмегенін» алға тартып, қаламгерді сынға алған.

«Өмірзақ Ақжігіт деген кім? Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісова әнші емес деп ютуб желісіне салыпты, атың шықпай жүр екен, 8 март қарсаңында апаларыңды жақсы құттықтадың, 35 жыл сахнада ерігіп жүрмедік», - деген әнші журналистің пікіріне қатысты жауап берген.
35 жыл сахнада «ерігіп» жүрмедік: Мақпал Жүнісова белгілі журналистің сынына жауап берді

35 жыл сахнада «ерігіп» жүрмедік: Мақпал Жүнісова белгілі журналистің сынына жауап берді

Сондай-ақ, ол «құрту керек Мақпалды» деген желі қолданушыларының да пікірін сынап, ондайларды «Аллаға тапсырдым» деген.

«Құрту керек Мақпалды деп бір-екі албастылар жазыпты, сендейлерді Аллаға тапсырдым, Елбасына жазсаңдаршы, Халық артисін неге бердіңіздер деп, мүмкін жауап аларсың», - деп аталған сұхбатқа қатысты пікір білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін отандық ernur.kz басылымына сұхбат берген белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт отандық эстрада өнеріне қатысты тың пікір білдіріп, онда тіпті, «Мақпал Жүнісованы әнші деп есептемеймін» деп жайып салған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
26
5
5
3
5
61
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel