RU
Төбесінен су сорғалап тұрған Астана стадионын қала қонақтары сынға алды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Төбесінен су сорғалап тұрған Астана стадионын қала қонақтары сынға алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Кеше елордадағы «Астана арена» стадионында «Астана» Қайратты 3:0 есебімен ойсырата ұтып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Төбесінен су тамшылап тұрған стадионды көрген қала қонақтары Астананы «мазақ» қылды

Төбесінен су тамшылап тұрған стадионды көрген қала қонақтары Астананы «мазақ» қылды

Стадион лық толмаса да, қазақстандық «эль-классиконы» тамашалауға біраз адам жиналды. Олардың дені елордалық «Астана» командасының жанкүйерлері еді.

«Астана командасының жанкүйеріміз, өте жақсы ойын көрсетті. Ойыншыларға ризамыз, өз қақпаларына гол да салғызбады, алдағы уақытта да осындай ойын көрсетсе екен дейміз», - дейді бір топ астаналық жанкүйерлер.

Десе де, олардың арасында сонау Алматыдан осы ойынды көру үшін арнайы келген қонақтар да табылды. Алматылықтардың айтуынша, «Қайрат» кешегі ойында командалық ойын көрсете алмаған.

«Командалық ойын болған жоқ бүгін. Әрине, бір де бір гол сала алмағаны ұят болды. Осы стадионға достарымызбен бірінші рет келуім тұрмыз. Шыны керек, «Астана арена» дегенге даңғазадай, барлық жағдайлары жасалған стадион көз алдымызға елестейтін.
Стадионның «шын келбетін» көріп, таң қалдық. Бірінші зал суық, одан ары барсаңыз, төбеден сорғалап ағып жатқан суды көресіз. Оның астына үлкен шелектерді қойыпты. Мазақ қылғанымыз емес, бірақ онысы енді ұят екен», - деді есімін құпия сақтауды өтінген жанкүйер.
Төбесінен су тамшылап тұрған стадионды көрген қала қонақтары Астананы «мазақ» қылды

Төбесінен су тамшылап тұрған стадионды көрген қала қонақтары Астананы «мазақ» қылды

Зал ішінен расымен де төбеден тамшылап тұрған суды байқадық. Өкініштісі, оның астына шелек қойылғанымен, мұндай «тесік аумақты» залдың бірнеше жерінен байқауға болады. Ал астаналықтар "бұған етіміз әбден үйренген" дейді.

«Бұрыннан солай ғой, қайта бұл стадионның салынғанына неше жыл болды, былтыр тіпті, жаңа вокзалдың төбесінен су тамшылап тұр дегенді естігенбіз. Білмеймін, қаншалықты рас екенін, бірақ бұл қалыпты жағдай, таң қалмай-ақ қойыңыз», - деді астаналық Қайрат Асыл.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір