RU
Оскар - 2018: Әлемдік жұлдыздар қандай образдармен ерекшеленді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Оскар - 2018: Әлемдік жұлдыздар қандай образдармен ерекшеленді?

Рассказать Вконтакте

"Оскар" жүлдесі - дәстүрлі түрде табысталатын кино саласындағы ең басты марапат атануымен қатар, бірінші санатты жұлдыздардың ең үздік киім үлгілерін паш ететін сән алаңы болып табылады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ok-magazine.ru

Фото: ok-magazine.ru

Биыл да Лос-Анджелес қаласында болып өткен "Оскар" жүлдесінің қызыл кілемі сәнді подиумға айналғандай. Актерлер мен актрисалар әлемнің үздік дизайнерлерінің Оскар жүлдесіне арнайы жасап шығарған жарқын образдарын көпшілік назарына ұсынды.

Жақын арада болып өткен басқа марапаттау шараларына қарағанда, Оскар жүлдесіне келушілер атақты кинорежиссер Харви Вайнштейнге қарсы Time`s Up немесе MeToo қозғалысын құптамай қара түсті дресс-кодтың орнына түрлі-түсті жаңа образдарды таңдаған.
Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Алтын және күміс жалатылған дизайнерлік көйлектер ауқымды іс-шараның "нағыз хиты" болды.

Мұндай киім үлгісіне таңдау жасағандар қатарында Дженнифер Лоуренс, Люпита Нионго, Салли Хокинс және Сандра Буллок сияқты танымал актрисалар бар.

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Айта кетейік, әлемдік сыншылардың мәлімдеуінше Сандра Буллоктың биылғы образы марапаттың тарихындағы ең үздігі деп танылған.

Бұрын-соңды жарқын образдармен бой көрсетпеген Дженнифер Гарнердің Versace сән үйінің көкшіл түсті көйлегі көпшілікті таңғалдырды. Танымал актер Бен Аффлекпен ажырасу актрисаны тек жақсы жаққа өзгерткен деп есептейді сыншылар.

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Оскар жүлдеснің ең көп номинациясының иегері Мерил Стриптің қызыл түсті көйлегі де дүйім жұртты тамсандарды.

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Николь Кидман да Дженнифер Гарнерден қалыспай таңдауын көк түсті көйлекке тоқтатқан.

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Givenchy сұр көйлегін таңдаған Галь Гадотқа кештің жүргізушілерінің бірі болу бұйырды.

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Ал Лора Дрен мен Элисон Уильямс жарқын образдан гөрі, ақшыл түсті көйлектерді киген.

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Фото: elle.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір