RU
Қағаз ақша берген жолаушымен ұрысқан кондуктор елдің ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қағаз ақша берген жолаушымен ұрысқан кондуктор елдің ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қоғамдық көлік ішінде тағы да шу шықты. Бұл жолы автобус кондукторы жолақыны қағаз ақшамен төлегені үшін жолаушыға айқайлап тастаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жолақы төлеуге қағаз ақша ұсынған жолаушыға кондуктор айқайлап тастады (видео)

Жолақы төлеуге қағаз ақша ұсынған жолаушыға кондуктор айқайлап тастады (видео)

Видеода ірі көлемдегі қағаз ақша ұсынған жолаушыға айқайлап жатқан кондукторды көруге болады. Оның ер кісі ұсынған қаражатқа қайтаратын тиыны болмаған.

«Майда тауып төлеңіз. Жолақы төлеуге міндеттісіз. Майда ақша тауып, төлеңіз! Осы автобусқа мініп келе жатырсыз ба, төлеңіз», - деп айқайлап тастады кондуктор.
Ал жолаушы «Мен қалай берсем де жолақыны төлеп тұрмын. Менікі дұрыс емес пе? Айқайламаңыз! Автобусқа мінсем, ірі қаражат ұсынсам да бердім. Бұл жерде сіздікі дұрыс емес», - деді.

Видеоны тамашалаған желі қолданушылары «мынауың бетпақ қой», «Кондуктор алғанда тексеріп алса ғой. Бәрінің мәдениеті төмен. Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады», - деп қоғамдық көлік қызметкерлерін сынап тастады.

Айта кетейік, оқиғаның еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
0
2
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір