Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл адамзатты күтіп тұрған ең қауіпті табиғи апаттар қандай?

Опубликовано:

2018 жылы жер шарының тұрғындарына ерекше қатер төндіретін табиғи апаттар белгілі болды деп жазады segodnya.ua порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: worldtruth.tv
Көрнекі сурет: worldtruth.tv: UGC

Жаңа жыл басталғалы бері әлемнің әр түкпірінде табиғи апаттар орын алуда. АҚШ-тың бірнеше штатын қамтыған алапат дауыл 7 адамның өмірін қиса, Еуропа елдері қытымыр қыс пен үскірік аяздан зардап шегуде. Кәрі құрлықта 55 адам аяз салдарынанн көз жұмған.

Осыдан он жыл бұрын активтердің құлдырауы адамзат үшін қауіпті саналса, бүгінде табиғи апаттар жер шары тұрғындарына сес көрсетуде.

2018 жылы болуы мүмкін табиғи апаттардың ондығы мынадай:

Апатты дауыл, су басу қаупі, құрғақшылық, орман өрттері, жер сілкінісі, вулкандардың оянуы, құйын, мұздықтардың еруі мен цунами.

БҰҰ мәліметі бойынша, 1970-2010 жылдан аралығында табиғи апаттардан 3,3 млн адам қайтыс болған. Олардың көпшілігі кедей елдерде тұратындар. Адамдар көп жағдайда жер сілкінісі, дауыл және су басу кезінде көз жұмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720113-biyl-adamzatty-ktip-trgan-e-kauipti-tabigi-apattar-kandaj/

pixel