Күніне он сағат жұмыс істейтін зейнеткер атақты миллиардер болып шықты
Бір көргенннен қарапайым зейнеткер болып көрінетін Улав Тун Норвегиядағы ауқатты адамдардың бірі. Оған талай коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сауда орталықтары мен қонақ үйлер тиесілі деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
94 жастағы Улав Тун әлі күнге дейін аптасына алты күн жұмыс істейді. Күніге кәдімгі он сағаттық жүйе бойынша қызмет атқару оған мүлдем ауыртпалық тигізбейтін көрінеді.

Фото: bigpicture.ru
Норвегиялық зейнеткер - Olav Thon Gruppen компаниясының басшысы. Атаулы компанияға Норвегиядағы және де шет елдердегі сауда және қонақ үйлері, сондай-ақ әуежай мен химиялық өндіріс тиесілі.

Фото: bigpicture.ru
Фермада өскен бала үшін атақты Forbes тізіміне ілігу - өте үлкен жетістік. Бастапқыда Ослоның батысында тері өндірісімен айналысқан боз бала мұндай көрсеткіштерге жетемін деп мүлдем ойламаған.

Фото: bigpicture.ru
Тарих факультетін тәмамдаған Улав Тун жылжымайтын мүлік бағасы әрдайым өсетінін бірден аңғарып, осы салаға бар күшін салуға кіріседі. Жасаған таңдауында қателеспейді! Дәл осы сала оның үздік көрсеткіштер көрсетуіне бірден-бір себепкер.

Фото: bigpicture.ru
Басқа ауқатты адамдардан Улавты ерекшелейтін қасиеті - оның қарапайымдылығы. Миллиардтап табыс табатын адам ескі Volkswagen автокөлігін айдап, тоқылған қызыл түсті бас киімін тастамайды.

Фото: bigpicture.ru
Алайда қаражаты мол кәсіпкердің осы күнге дейін жиналған табысын иемденіп қалатын мұрагері жоқ.
Соған орай, 2013 жылы ол өз компаниясынның түгелдей үлесін арнайы ашқан фонд құрамына енгізген. Оның қоры медицина саласындағы зерттеулермен айналыспақ.
О дүниеге ақшаны ала алмайсың, сол себепті өзім өлсемде артымда қалған дүние игі іспен айналысса деген ниет бар дейді ол.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!