RU
Қызылордадағы жарты бөлігі опырылып түскен жатақханаға қатысты дау шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордадағы жарты бөлігі опырылып түскен жатақханаға қатысты дау шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қызылордадағы жарты бөлігі опырылып түскен жатақхана тұрғындары NUR.KZ порталына хабарласып, өздерінің проблемасымен бөлісті. Айтуынша, бір күнде баспанасыз қалып, сұмдық жайттың куәсі болған олар "басар тау, барар жеріміз" қалмай қала ма деп алаңдап отыр. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қызылордадағы опырылып түскен жатақханаға қатысты дау шықты (фото)

Қызылордадағы опырылып түскен жатақханаға қатысты дау шықты (фото)

Тұрғындар үйлері құлап, жағдайдың қаншалықты қиын екенін білгенде қандай күйде болғанын айтып берді.

"Балаларымды көрші үйге тастап, шұғыл бір жұмысым шығып қалып, сонымен кеткем. Келсем, елдің барлығы шулап жүр. "Барма, үйлерің құлап қалды" дейді. Ол жерде балаларым бар ғой деп жүгіре жөнелдім. Аз уақыттың ішінде сұмдық жайтты бастан кешірдім. Балалар жалаңаяқ, жалаңаш, дереу көшірді. Тұрғындарды мектепке орналастырды. Негізі бұл жатақханада тұратындардың барлығы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар. Әкімдік көмек ретінде осында орналастырған.

Бұл апаттық жағдайда тұрған үй ғой. Терезелері, есіктері жоқ үйге бізді орналастырған еді. Екінші бөлігінде ешкім тұрмайтын. Соның барлығын қарызданып жүріп, өз ақшамызға жасап, үй қалпына келтірдік. Біреудің төрт, біреудің бес баласы бар, күйеулері жоқ, балалар мүгедек, өздері мүгедек жандар.

Енді біздің қорқып отырғанымыз, бізді тағы да осындай апаттық жағдайда тұрған үйге орналастырамыз деді. Ол үй де құлап қалмасына кім кепіл?! Балаларымыз да қатты қорқып қалған... Сол түнді есіме алғым да келмейді. Біз де адамбыз ғой. Біздің үй алуға басқа еш мүмкіндігіміз жоқ. Бес балалы жалғызбасты аналар бар. Тамаққа әзер дегенде ақша тауып отырмыз, шыны керек", - деді Н. есімді тұрғындардың бірі.

Олардың айтуынша, бүгін он шақты тұрғын Қызылорда қаласы әкімдігінің алдына жиналып, өз уәждерін жеткізген. Болашағына алаңдаған тұрғындар әкімдік бұл мәселені шешпесе, министрлікке дейін шығуға бекініп отыр. Айтуынша, бүгін кешке Астанаға жол тартпақ.

Алайда Қызылорда облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасындағылар ешқандай да митинг болмағанын айтты. Олардың айтуынша, өздерінің уәжін айтып келген тұрғындарды әкім орынбасары қабылдап, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

"Қызылорда қаласында ешқандай митинг өткізілген жоқ. Қала әкімінің орынбасары А. Шәменов бұған дейін 28 ақпанда Титов тұрғын ауданындағы №16А мекен жайда орналасқан жатақхана тұрғындары мәселелеріне орай қабылдап, түсіндірме берді.

Аталмыш жатақхананың уақытша тұрғындары осы жағдайды пайдаланып, жаңа үйге орналастыруды сұрауда. Алайда, олардың сұранысын қамтамасыз етуге қолданыстағы заңдылық талаптары көтермейді.

Себебі, бұл отбасылар «жалғыз үйі апатты» деп танылған тізімге кезектілікке тұрмаған. Ал, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.

Қазіргі уақытта жатақхана тұрғындары 6 ай мерзімге уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылды", - деді Қызылорда қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасындағылар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
2
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір