RU
Назарбаев: Отбасым қазақ жеріне келген талай жандарға көмек көрсеткен
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Отбасым қазақ жеріне келген талай жандарға көмек көрсеткен

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламент қос палатасының отырысы өтіп жатыр. Жиында елбасы қазақ халқының көптеген өзге ұлт өкілдеріне көмек көрсеткенін мəлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Назарбаев өз отбасының өзге ұлт өкілдеріне көмек көрсеткен күндерін еске алды

Назарбаев өз отбасының өзге ұлт өкілдеріне көмек көрсеткен күндерін еске алды

Мемлекет басшысы алдымен наурыз айының ерекше ай екенін атап өтті. Себебі, дəл осы айда "Алғыс айту", "8 наурыз", "Наурыз" сияқты бірқатар мерекелер бар.

"Тек бірлік пен ынтымақтың арасында ғана біз барлық қиындықтарды артта тастадық. Тек бүгінгі күннің өзінде ғана Алматы, Жамбыл, БҚО, ОҚО ғана қазақ еліне ризашылығын білдіретін ескерткіштер бар.
Бұлардың бәрін түрлі этникалық топтар өз еріктерімен салған. Ол ескерткіштер қазақ халқы мен жеріне, Отанымызға деген алғыстың белгісі",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы өз отбасының да талай өзге ұлт өкілдеріне көмек көрсеткенін еске алды.

"Отбасымның тауар вагондарымен әкеліп, ен далаға тастай салған талай отбасыларға көмек көрсеткенін білемін. Бәлкім ересектер қауымы ол күндерді есте сақтайтын шығар, сондай-ақ, ол кезеңді бүгінге жастар да білуі тиіс. Бұл біздің қандай халық екенімізді, бірлігі мен ытнымағы жарасқан ел екенімізді айғақтайды", - деді мемлекет басшысы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір