RU
Президент баспанасыз жүрген отбасыларға жағдай жасайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Президент баспанасыз жүрген отбасыларға жағдай жасайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын жария етті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Президент
"7-20-25 бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Аталған бағдарламаға сəйкес, ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады", - деді президент.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін, бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш екенін мəлімдеді.

"Десе де бұл жеткіліксіз. Күні бүгінге дейін өз баспанасы жоқ отбасылар көп. Бұл тек әлеуметтік маңызы бар мәселе. Оны шешу үшін барлық жағдайды жасап, жалпы бұқара үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру керек. Арзан ресурстар тетіктері қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel