RU
Айсауле Бақытбек еліміздегі ең танымал білім ордасының былығын әшкереледі
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсауле Бақытбек еліміздегі ең танымал білім ордасының былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызының тұңғышы еліміздегі беделді білім ордасын жемқорлықтың отаны деп айыптады. Айсәуле Бақытбек бұл жайында Instagram парақшасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсауле Бақытбек еліміздегі ең үлкен білім ордасының былығын әшкереледі

Айсауле Бақытбек еліміздегі ең үлкен білім ордасының былығын әшкереледі
Source: UGC

«Еліміздегі ең беделді университет Қазақ ұлттық университетінде жемқорлық атымен жоқ екені жайында жазылған мақала оқыдым. Ал мен бұл жаңалыққа мүлде сенбеймін. Өзім аталмыш оқу орнында оқымасам да, сол университеттің 20 студентін білемін», - деп сөзін бастаған Айсәуле оқу орнының былықтарын әшкереледі.
«Олар өздерін студентпіз деп айта алады. Бірақ оқуға бармайды. Мен де ешқайда бармастан диплом алуға қарсы болмас едім. Кім мұндай мүмкіндіктен бас тартар еді?», - деді ол.

Сондай-ақ Мақсатқызының тұңғышы жемқорлықтың ауруханалар мен мектептерде, құқық қорғау орындарында өршіп тұрғанын да айта кетті.

«Мұның себебі, адамдар қозғалғысы келмейді. Тек қана сөйлегенді біледі. Олар өмірінде бір өзгеріс жасағысы келеді, бірақ өзгертуге құлықсыз», - деген ару өзінің ешқашан пара бермейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
10
9
3
0
3
38
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel