RU
Назарбаев: Ел мен жердің иесі ретінде бәріне қазақ жауапты
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Ел мен жердің иесі ретінде бәріне қазақ жауапты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында жастар тәрбиесіндегі негізгі ұстанымды жеткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев: Жердің иесі ретінде бәріне қазақ жауапты

Назарбаев: Жердің иесі ретінде бәріне қазақ жауапты
Source: UGC

Президенттің айтуынша, қазіргі аумалы-төкпелі заманда халықтың ауызбірлігі берік болуы қажет.

Осы орайда, елбасы ата-бабаларымыздың екі империяның ортасында өмір сүріп, неше түрлі қияметті бастан кешіргенін де еске алды.

«Мәселе халықтың көптігінде, аздығында емес. Мәселе адамның қауыттылығында, сауаттылығында емес, мәселе - рухани бірлікте. Жан аямай, «не Тәуелсіздік, не өмір жоқ» деген қағидамен өмір сүруіміз керек.
Жастарды солай тәрбиелеген жөн. Осы жерде олқылықтар бар. Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманның бәріне қазақ жауапты. Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік, ағайын», - деп атап көрсетті президент.
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel