RU
Назарбаев: Мен жұмыс істедім, істеп жатырмын және істей беремін
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Мен жұмыс істедім, істеп жатырмын және істей беремін

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламенттің қос палатасындағы жиында сөз сөйлеп, қазақ халқына алғыс айтатынын, олар үшін жұмыс жасай беретінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев

"Бір кезде біздің бабаларымыз Түрік қағанатын құрып, Алтай мен Кавказдың арасын жалғаған ұлы империя атанған еді. Ағайынның арасында алауыздық орнап, таққа-баққа таласқаннан кейін барып, қақ жарылып Шығыс пен Батысқа бөлінді. Егер де біз сол тарихтан сабақ алмасақ, тəуелсіздігіміздің ғұмыры, ұрпақтарымыздың жағдайы қалай болмақ? Бұл тарихтың ащы сабағы",-деді Нұрсаұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстандағы барлық этностардың бірлікте өмір сүру маңыздылығын атап өтті.

"Халыққа ризамын, айтқанға көніп, менімен бір болып, жүргізген саясатты барынша қолдап келе жатыр.Осындай халықтың алдында басымды иіп, əр уақытта ризашылығымды білдіремін. Табысымызды еселеп, ауызбіршілігімізді нығайиу үшін, бізге балталаса ла бұзылмайтын бірлік керек. Оны айтып отырған себебім, бүгінде аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп жатырмыз. Атам заманнан ата-бабаларымыз екі империя арасында өмір сүріп келе жатқан халық. Қазір құбылмалы заман, қай жақтан не болатынын ешкім білмейді. Сондықтан жұдырықтай жұмылған, рухы биік халықты ешкім де ала алмайды", - деді ол.

Нұрсұлтан Әбішұлы қазақтардың шалғай ауылдарда қалған адамдарға көмек қолын созған шағын да еске алды.

"Мен өз көзіммен осының барлығын көрдім. Біздің отбасымыз да жүк вагонымен әкеліп, шалғай ауылдарға тастап кеткен адамдарға көмектескен. Егде буын мұның барлығын есінде сақтап қалды. Оны ұрпақтары да білсе деп ойлайтын шығар", - дейді президент.

Сондай-ақ ол Алматы, Жамбыл, БҚО мен ОҚО-да өзге ұлттарды өз еркімен қабыл алған қазақ халқына алғыс монументтері салынғанныцн айтып өтті.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
17
1
3
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір