RU
Ғалымдар ақырзаман кезінде зомбиден кімдер құтқаратынын айтты
Жаңалықтар Әлемде

Ғалымдар ақырзаман кезінде зомбиден кімдер құтқаратынын айтты

Рассказать Вконтакте

Бразилиялық математиктердің айтуынша, ақырзаман кезінде әлемді зомбиден құтқаратын әскер саны 1000 адамға шаққанда 47 жауынгерден төмен болмауы тиіс. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Ғалымдар құрастырған құтқару моделі әлемге зомби шабуылдаған сәтте қорғаныс шенінде әскер тұрады деп болжайды. Қарулы жауынгерлер мен қарапайым бұқараның саны бұл мәселеде шешуші рөл атқармақ.

Олардың зерттеулеріне сәйкес, 1000 адамды қорғау үшін 47 жауынгер күші қажет. Егер бұл көрсеткіш тиістіден төмен болса, әлемнің аман қалуы екіталай дейді мамандар.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Белгілі болғандай, Жер шарында зомби-ақырзаманына дәл қазір төтеп бере алатын бір-ақ мемлекет бар. Ол - Солтүстік Корея. Мемлекет халқының 4,7% қарулы күштер құрамында тіркелген. Ал салыстырмалы түрде көрші Ресейдің көрсеткіші федералды күзет қызметі мен жекеменшік күзет мекемелерін қосқанның өзінде, 3,9% әрең құрап отыр.

Модельді құрастыру барысында ғалымдар кинематограф желісіндегі сценарийлерді негізге алған. Дәл фильмдердегідей зомбиге жақындаған адам өзі де сондай болып кетеді.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Оқиға соңы әртүрлі аяқталуын ескере отырып, ғалымдар оның төрт моделін қарастырған.

1. Халықты мықты әскер құтқарады.

2. Халықты аса қуатты әскер құтқарады.

3. Халық алдын-ала шабуылға даярланып өзін-өзі құтқарады.

4. Зомбилердің мықты болуы. Бұл модельде бейбіт адамдар өлімі өте көп. Тірі қалуға қауқарлы тек әскер жауынгерлері болмақ.

Ғалымдардың айтуынша, модельдеудің үшінші түрі зомби шабуылына бәріненде жойқын соққы бере алады. Бұл модельдеу түрі соғыс отын бастала қалған сәтте сөндіріп тастауға таптырмас мүмкіндік.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір