RU
Танымал әнші күйеуінің көзіне шөп салғанын жасырмай айтты
Жаңалықтар Әлемде

Танымал әнші күйеуінің көзіне шөп салғанын жасырмай айтты

Рассказать Вконтакте

Көпшілік Юлия Ковальчук пен Алексей Чумаков жұбын ресейлік шоу-бизнестегі ең берік қарым-қатынасқа ие деп санайды. Алайда, жақын арада "Блестящие" тобының экс-әншісі әлеуметтік желіге жүктеген жазбасы тыңдармандарын екі ойлы күйде қалдырған деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Әрдайым жұрт назарында жүретін әртістердің бірге болғанына осымен он жылдан аса уақыт өтті. Өткен жылы тіпті алғашқы перзенттері дүниеге келген.

35 жастағы Юлия мен 36 жастағы Алексей бір-біріне деген ыстық лебізімен әлеуметтік желіде жиі бөлісетін жұптар қатарында. Жұлдызды отбасының қозғаушы күші – үлкен махаббат, беріктігің құпиясы – өзара түсіністігі. Бұл әртістер табынушыларының пікірі.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Алайда, үшінші наурыз күні Юлия Ковальчук жүктеген суреті оқырмандарды дүр сілкіндірді. Жас ана екі ойлы жазбасы бар сэлфимен бөліскен. Астындағы жазбасы мынандай: "Күйеуім бір рет қана көзіме шөп салғанын айтты, сенер сенбесімді білмей отырмын". Юлияның бұл екі ойлы жазбасы интернетте бірден талқыға түсті.

Біраз уақыттаң соң, әнші жазба астына хэштег арқылы бұл жәй ғана қалжын екенін жеткізіп, желіні шулатып үлгерген оқырмандарын сабырға шақырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
4
3
1
3
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel