RU
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызы дәстүрлі «Қазақ аруы» байқауының биылғы жылы шарттарын өзгерткен болатын. Бұл шарада енді қазақстандық бойжеткендер ғана емес, көршілес төрт елдегі қандастарымыз да бағын сынай алады. "Қазақ аруы" атауы бойжеткендердің танымал болуына әсер кетті ме? Аталмыш байқаудың өткен жеті жылында жеңімпаз атанып, тәж таққан аруларының бүгінгі өмірі жайлы comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

2011 жылы сайыстың ең алғашқы жеңімпазы Ләззат Қалдыбекова атанған болатын.
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Бүгінде Ләззат Мұхтар Әуезов атындағы театрда актриса. Бірнеше жыл бұрын әнші Заирға тұрмысқа шыққан арудың отбасылық өмірі ұзаққа созылмаған. Өнердегі бағыттары бір болса да, өмірлік ұстанымдары мен көзқарастары сәйкес келмеген жұбайлар екіге айырылған. «Қазақ аруы – 2011» қазіргі таңда ұл өсіріп отырған ана, театрда басты рөлдерді сомдап жүрген танымал актриса.
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

“Қазақ аруы-2012” байқауының жеңімпазы Айғаным Өтепбергенова да өнерден алыс кетпеген. Байқаудан соң тұрмысқа шығып, біраз уақыт ел көзінен тыс қалған ару өнер әлеміне қайта оралған. Қазір ол өзінің жүргізушілік қабылетін шыңдап, асабалық тәжірбие жинап жүр. Одан бөлек шоу балет театрының жетекші – продюсері.
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

«Қазақ аруы – 2013» атанған Әйгерім қанатбаева сахна мен өнер әлемінен мүлде тысқары өмір сүруде. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономист мамандығының студенті ол кезде 20 жаста болған. Аталмыш жеңістен соң, Әйгерімнің ауыз толтырып айтарлық жетістігі болмады.
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Гүлназ Жоланова "Қазақ аруы - 2014" жеңімпазы атанып, тәж таққан бойжеткендердің бірі. Бас жүлдені жеңіп алған Маңғыстаулық ару күні бүгінге дейін еш тынымсыз еңбек етіп келеді. Нәтижесінде оның киноқоржынында бірнеше толықметражды фильмдер мен «Махаббатым жүрегімде», «Қыздар арасында» т.б.телехикаялар бар. Одан бөлек өнерсүйер қауым аруды тележүргізуші ретінде де жақсы таниды.
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

2015 жылғы алтын тәж Қарағанды облысының тумасы Камшат Коскеловаға бұйырған болатын. 22 ару қатысқан байқауда жүзден жүйрік болған ару өнерді хобби деп санап, туризм саласы бойынша кәсіби білім алуды мақсат еткен. Бүгінде өнерден өте алыс Камшат арудың жүрегі бос емес.
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

«Қазақ аруы-2016» атанған атыраулық ару Альмира Ахатова да өнер сахнасының төрінен көріне қйомады. Ол өзі оқитын тіс дәрігері мамандығын шексіз сүйеді. Сондай-ақ аруды фотомодель ретінде жақсы танимыз. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы «Қазақ аруы» байқауының Гран-при иегері Алтын тәжбен қатар Аида Кәуменовадан дизайнерлік көйлек сыйға алған еді.
Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

Баян Мақсатқызы жұлдызын жаққан «Қазақ арулары» қайда жүр? (фото)

2017 жылы «Қазақаруы» атанған Нұргүл Асанова да өнер әлемінен алыста жүр. Арада бір жыл өтсе де, Нұргүлдің жұлдызды сәті байқалмады. Асанованың модельдік салаға басымдылық бергенін ғана аңғаруға болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
1
5
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel