RU
Аллаға шүкір: Шымкент тұрғыны алапат өрттен қалай аман қалғанын айтып берді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Аллаға шүкір: Шымкент тұрғыны алапат өрттен қалай аман қалғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Атырау облысындағы Қарабатанда болған алапат өртте аман қалған шымкенттік азамат mgorod.kz журналистеріне оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

"Кімнің қалай шыққанын көрмедім. Себебі айналаның барлығы түтін болып кеткен. Өрт сөндірушілер әбден барлық жер жанып кеткенде келді. Аман қалғаныма Аллаға шүкір деймін. Үйде мені әйелім мен үш балам күтіп отыр", - дейді Ұлан Байшағаров.

27 жастағы азамат жатақханадан ғажайыптың көмегімен құтылып шықпаса, оның ішінде жанып кетуі әбден мүмкін еді.

"Түнгі жұмыстан шығып, жуыну бөлмесіне кіргенім сол еді, сырттан айқайлаған адамдардың дауысын естідім. Бөлмеге келіп ең қажет деген заттарымды жинадым да, артқы есікке қарай жүгірдім", - дейді азамат.

Ал 36 жастағы қызылордалық Қанат Жарқынбеков аталмыш компнаияда бір жылға жуық жұмыс істеген. Ол өрт болған уақытта таңғы асын ішіп отырған екен.

"Өрт есіктен бастап жалындап кетті. Сондықтан оған жақындай алмай, терезеден секіріп кеттім. Өрт сөндірушілер мен жедел-жәрдемді далада күтіп тұрдық", - дейді ол.

Айта кету керек, алапат өрт Атыраудан 470 шақырым жердегі жатақханада, таңғы сағат 9 шұамасында болған. Онда түнгі кезекшіліктен шыққан 20 шақты адам болыпты. Оқиға орнынан қаза тапқан алты адамның денесі табылды. Тағы бір адам ауруханада көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдардың барлығы ОҚО тұрғындары екен.

қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев өз бақылауына алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
4
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel