RU
"Бұл тіпті үлкен жекпе-жек болады": Головкин тағы да Альвареске сес көрсетті
Жаңалықтар Әлемде

"Бұл тіпті үлкен жекпе-жек болады": Головкин тағы да Альвареске сес көрсетті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы екінші жекпе-жекке толық дайын, деп хабарлайды Спутник Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

родной
"Мен үй тапсырмасын орындадым. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетуім керек екенін білемін. Бұл тіпті үлкен жекпе-жек болады (алғашқысымен салыстырғанда).

Алғашқы жекпе-жек қиын соққан жоқ. Маған жайлы болды, жеңіске жеткенімді сездім. Көп уақытымды демалуға жұмсадым.

Бұл жекпе-жек бұрынғысынан өзгерек болады. Болжам жасамаймын, алайда үлкен шоу сыйлаймын!", — деді Головкин Worldboxingnews.net сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізде болса, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталған болатын. Ал веванш 5 мамырға жоспарланды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
0
13
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel