RU
Қайрат Нұртастың анасы қызындай болып кеткен келіндерімен мақтанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың анасы қызындай болып кеткен келіндерімен мақтанды

Рассказать Вконтакте

Келіндерінің үнемі мақтауын асырып жүретін Гүлзира Айдарбекова оларды өз қызынан кем көрмейді. Қайраттың анасы қыздарының жақсылығын айтып мақтанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайраттың анасы қызындай болған келіндерімен мақтанды (видео)

Қайраттың анасы қызындай болған келіндерімен мақтанды (видео)

Бұл жайында Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Қызыңның болғаны қандай жақсы еді деп қоямын ішімнен. Ер балаға бәрін дайындап ескертіп, оған қоса қадағалауың керек. Ал қыз бала керісінше, «мама кешігіп қалмайық», «шәйіңізді ішіп алыңыз», «бал қосып ішесіз бе, сүт қосып ішесіз бе» деп жағдайыңды жасаумен қатар жан-жақты қамтамасыз етеді екен», - деді Қайрат Нұртастың анасы.
Қайраттың анасы қызындай болған келіндерімен мақтанды (видео)

Қайраттың анасы қызындай болған келіндерімен мақтанды (видео)

«Кешеден бері екі келінім құрақ ұшып күтіп жатыр. Дәмді астарын дайындап, тәтті шәйін беріп. Бізге осы жылы қабақ танытқандарынан артық бақыт бар ма? Айгерім келмес бұрын Жұлдызым бөлек тұрса да уақыт тауып, өзі шығарып салып әлек болатын. Мінекей, енді ол да генерал келін болды. Заңғарым үйленгенше Айгерімім бар қызметті қолына алып жатқаны ғой. Үйренгені өздеріне жақсы, жасағаны бізге жақсы. Ертең ұрпағы қуантсын! Аллаға сансыз шүкір! Алла бастарына бақ берсін», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Қайраттың анасы қызындай болған келіндерімен мақтанды (видео)

Қайраттың анасы қызындай болған келіндерімен мақтанды (видео)

Ал желі қолданушылары "Сіздей ене жолыққан келіндеріңіз бақытты", "Бізге де жұғысты болсын", "Бақыттарыңыз баянды болсын" деп тілектерін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
0
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel