RU
Өзбекстан президенті шенеуніктердің тойға баруына қатаң тыйым салды
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстан президенті шенеуніктердің тойға баруына қатаң тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Интернет желісінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің елдегі той-томалақтардың өткізілу дәстүрі мен оған мемлекеттік шенеуіктердің қатысуын үлкен сынға алды деп хабарлайды uznews.uz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: uznews.uz

Фото: uznews.uz

Шавкат Мирзияев премьер-министрден бастап атқарушы билік өкілдеріне де той-думандарға баруға тыйым салды. Тойханалар тұсынан мемлекеттік көліктерді көріп қалған жағдайда, иеленіп отырған шеніне қарамастан мемлекеттік қызметкер бірден жұмыстан босатылады деп сендірді ел президенті.

«Ол замандар артта қалды. Тойлар да, түрлі рәсімдер де енді басшыларсыз өтетін болады. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, тойға барлық орынбасарларын қасына ертіп келген өзімшіл премьер-министр үшін қаншама адам өз орнын босатады. Сен одан да сол ақшаға мұқтаж жандарға 20 келі ет алып, үйін күрделі жөндеуден өткізіп бер, арсыз»,- деп кесіп айтты Шавкат Мирзиёев.

Бұдан былай Өзбекстан мемлекетіндегі әрбір тойдың қонақтар тізімі үкіметпен қатаң тексеріліп отырмақ.

Президенттің айтуынша, той-думандардың өткізу тәртібінің енгізілуі елдегі жемқорлық көрсеткішін едәуір азайтып, әділеттілік орнауына өз септігін тигізері сөзсіз.

Сондай-ақ қабылданған жаңа жарлық бойынша енді Өзбекстан азаматтары тойларына шақыратын қонақтар саны 150 адамнан аспауы тиіс. Оған қоса той-томалақтар әдеттегідей кешқұрымда емес, түскі 13:00 – 14:00 арасында ғана өткізілмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
1
45
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel