RU
Астанада соққыға жығылған бес жасар қыздың анасы түрмеден табылды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада соққыға жығылған бес жасар қыздың анасы түрмеден табылды

Рассказать Вконтакте

Омбудсмен Зағипа Балиева Астанадағы соққыға жығылып, ауруханаға түскен бес жасар қыздың жағдвай туралы пікір білдірді деп хабарлайдысайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ

Коллаж NUR.KZ

Депутаттың айтуынша, қызды ағасы қолына алып, бағып келген. Себебі оның әкесі қайтыс болған, ал анасы есірткі тасымалы бойынша айыпталып, түрмеге түскен екен. Бұдан бөлек, туысының өзінде екі туған баласы бар көрінеді.

Қыздың асыраушылары оның диваннан құлап, осындай жарақат алғанын айтып ақталыпты.

"Сәбидің денесінде осынша жарақат қалатындай, оның қандай диваннан құлағанын түсіне алмадым", - дейді Балиева.

Егер тексеру нәтижесінде қызға зорлық-зомбылық көрсетілгені нақтыланса, олардың қамқоршылық құқығынан айырылатынын да атап өтті депутат.

"Менің ойымша, бұл жай құлап қалу емес, кұш көрсетудің салдары", - дейді ол.

Еске салсақ, 3 наурыз күні Астана тұрғыны ауруханаға денесінің барлығы көгеріп кеткен бес жасар қыздың түскенін хабарлаған еді. Оған дәрігерлер ота жасаған.

Полиция тексеру жұмыстарының басталғанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
8
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel