RU
Темекі түбіне жетті: Жезқазғанда өртенген келіншектің мәйіті табылды
Жаңалықтар Қоғам

Темекі түбіне жетті: Жезқазғанда өртенген келіншектің мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Уақытылы сөндірілмеген темекі тұқылы өртке себепкер болып, 30 жастағы әйелдің өліміне әкеп соқты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Тілсіз жау бесқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде сағат таңғы төрт шамасында шарпыған. Өршіп кеткен қызыл жалын кесірінен екінші қабат тұрғындарының барлығын дерлік эвакуациялауға тура келді.

Белгілі болғандай, арасында кішкентай балалар болған 33 адамның барлығы далада тұрып, үйлерінің өртеніп жатқанына қарап тұруынан басқа амалдары болмаған. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер көрші пәтерлерді тілсіз жаудан аман алып қалды.

Өрт сөндіруге 13 құтқарушы мамандар мен төрт техника жұмылдырылған.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, тілсіз жау 03:36 шамасында тоқтатылды. Жалын шалған аймақ ауданы аса үлкен емес, небәрі он шаршы метр. Алайда өрт түтіні кесірінен тұрғындар өміріне аса үлкен қауіп төнген.

Жартылай өртенген пәтерде 1988 жылғы азаматшаның денесі табылды. Мамандардың айтуынша, өрттің басты себебі уақытысында сөндірілмеген темекі тұқылы болса керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
5
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір