RU
Ксения Собчакқа белгісіз ер адам тал түсте су шашып жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Ксения Собчакқа белгісіз ер адам тал түсте су шашып жіберді

Рассказать Вконтакте

Ресей президенттігіне үміткер, тележүргізуші Ксения Собчакқа белгісіз ер адам үстіне шу шашып, ұятқа қалдырған деп хабарлайды ntv.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресей президенттігіне үміткер Ксения Собчакқа белгісіз ер адам тал түсте су шашып жіберген

Ресей президенттігіне үміткер Ксения Собчакқа белгісіз ер адам тал түсте су шашып жіберген

Бұл туралы Ксения Собчак өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеген. Онда:

«Жаңа ғана маған бейтаныс біреу шабуыл жасады. Бастапқыла бар күшімен итеріп, кейін үстіме су шаша салды. Айтқаны «Мұның бәрі Жириновский үшін» деп жазған.

Оқиға Михаил Горбачевтің туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шарадан кейін орын алған екен. Әзірге Собчакқа шашылған сұйықтықтың нақты су екені анықталған. Сонымен бірге, тәртіпсіздік орнатқан ер адам да сол жерде ұсталған көрінеді. БАҚ мәліметіне сәйкес, тележүргізушіге шабуыл жасаған азамат Мәскеу қалалық думасының төрағасы Алексей Шапошниковтың көмекшісі Алан Дзуцев екені анықталған.

Ал, оқиға орын алғаннан кейін, бірнеше сағаттан соң Алексей Шапошников өзінің Facebook парақшасында «ер азаматтың ешқандай да көмекшісі емес екенін, оның тіпті, штатта жоқ қызметкер және жай ғана өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген азамат» екенін айтқан жазба қалдырған. Қазіргі таңда құзырлы органдар бозбаланың не себепті ондай әрекетке барғанын анықтауда.

Айта кетейік, бұған дейін кезекті теледебат барысында «ЛДПР» төрағасы Владимир Жириновский Ксения Собчакпен сөзге келіп, тележүргізуші оған су шашып жіберген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel