RU

Әзірбайжандық бизнесмен жалғыз ұлының тойын он күн бойы тойлады(фото)

Гейчай ауданына қарасты Быгыр ауылының тұрғыны Джасарат жалғыз ұлы Хилалға ұзақтығы он күн болған той жасап берді деп хабарлайды baku.ws сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: baku.ws
Фото: baku.ws: UGC

Белгілі болғандай, той-думанның қонақтары қатарында Әзірбайжан мемлекетінің танымал жұлдыздары бой көрсеткен. Дүркіреп өткен тойдың асаба қызметі Пюнхан Исмаиллыға бұйырды.

Фото: baku.ws
Фото: baku.ws: UGC

Тойда өнер көрсеткен жұлдызды қонақтарға беделдеріне сәйкес қомақты қаражат берілген.

Фото: baku.ws
Фото: baku.ws: UGC

Думанды тойдың оныншы күнгі салтанатына 500 адам шақырылғанымен, мейрамханаға мыңға жуық қонақ келді. Тығырыққа тірелген кәсіпкер екінші салтанат залын жалдауға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1720236-zirbajzandyk-biznesmen-zalgyz-lyny-tojyn-on-kn-bojy-tojladyfoto.html