RU

Байлыққа мастанған әйгілі футболшының анасы көше кезіп жүр

"Арсенал" сапындағы жас талант Эйнсли Мейтленд-Найлс осы жылғы маусымның басты жаңалығына айналды. 2017 жылдың соңында жалақысы аптасына 30 мың фунт көлеміне дейін көтерілген аяқдопшы бауырымен бірге Лондон қаласының аса қымбат пәтеріне көшіп кеткен деп хабарлайды Eurosport сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: Triangle News
Фото: Triangle News: UGC

Өзі балқып-шалқып жүрген кезде, жас футболшының 38 жастағы анасы Джули Найлс көшені паналап жүр. Аумағы үш шаршы метр болатын контейнер бүгінгі күні аяқдопшы анасының баспанасына айналған.

Баспанасыздарға күтім көрсететін мекеме қызметкерінің айтуынша, Эйнслидің анасы тұрып жатқан жерде әжетхана тұрмақ, жуынатын нәрселер де жоқ.

Фото: Triangle News
Фото: Triangle News: UGC

Баласының бұл қылығын ақша буына масайып кеткенімен түсіндіреді. Жас футболшы екі айлық былай тұрсын, екі апталық жалақысынан анасына пәтер алып беруге қауқарлы. Алайда, туған баласы тарапынан ешқандай көмек әлі күнге дейін жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1720242-bajlykka-mastangan-jgili-futbolsyny-anasy-kse-kezip-zr.html