RU
Нағима Есентаева ағасы Бақытбек туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нағима Есентаева ағасы Бақытбек туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды

Рассказать Вконтакте

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Instagram желісінде ағасының жомарттығын көрсететін кезекті жазба қалдырды. Аталған пост оқырмандар тарапынан жоғары бағаға ие болған деп жазады NUR.KZ.

Нағима Есентаева ағасы Бақытбекпен

Нағима Есентаева ағасы Бақытбекпен

Үнемі ағасы жайлы жылы естеліктерімен бөлісетін Нағима Есентаева бұл жолы алғаш рет ана атанғандағы ағасының қуанышы жайлы баяндап берді.

"Негізі, Ағатайым жүрегі жұмсақ, қолы ашық жан. Өте балажан, туысқа келгенде қайырымды. Бәрімізді бір үй қылып жеткізген осы. Бәрі де Ағатайымның арқасы ғой. Менің балаларыма деген сезімі ерекше еді. Ерекше жақсы көретін. Осы Айгерімімді дүниеге әкелгенімде қуанғаны сонша, машинасына отыра салып Алматыдан Тарбағатай ауданына бір -ақ тартқан ғой. Келіп бетінен бір иіскеп, көрімдік үшін жаялығының астына көппп ақшы салып кеткен. "Болды, жиенімді бір көрдім" деді де, бір кесе шайын ішіп, Алматыға қайтадан кетті. Сондағы Қарындасқа деген құрметі қандай жоғарпы болған?! Ұлым мен қызыма осыны әрдайым үлгі етіп отырамын",- деп жазады Нағима Есентаева.

Еске сала кетейік, бұрынғы әйелі Баян Алагөзоваға пышақ жарақатын салып, соққыға жыққаны үшін Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
13
3
9
71
12
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір