RU
Шымкенттік азамат полицейлердің сорақы әрекетін жайып салды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік азамат полицейлердің сорақы әрекетін жайып салды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкент тұрғыны өзін қорлаған полицейлердің былығын видеоға түсіріп алды. Бейнежазбада бірнеше пагондылар жәбірленушіге күш қолданып, ашық түрде қоқан-лоққы көрсеткен. Зәбір көрген азамат өңірдегі NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында тәртіп сақшыларының сорақы әрекеттерін жайып салды.

Шымкенттік азамат полицейлердің сорақы əрекетін жайып салды

Шымкенттік азамат полицейлердің сорақы əрекетін жайып салды
Source: UGC

Сұмдық жағдай өткен жылы 27 желтоқсан күні болған. Осы күні жігіттің үйіне үш полицей баса көктеп кіріп, күш көрсетіп көлікке салып әкетеді.

Мұнымен қоймай, полицейлердің бірі жәбірленушіні "лянгі" етіп тебеміз деп ашық түрде қорқытқан. Ал қоқан-лоққы көрсеткен полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалған

Полицейлер оны үйінен күштеп әкеткен соң арада бір сағаттан кейін ол ауыр халде ауруханалардың біріне жеткізілген. Осы кезде 38 жастағы азаматтың әйелі күйеуінің артынан ауруханаға іздеп барып, сұмдық жағдайға куә болады.

Полицейлер үйінен күштеп алып кеткен тұрғынның бет-аузы көгеріп, түрлі дене жарақатын алған.

"Менің үйіме үш полицей баса көктеп кіріп, сенің үстіңнен арыз түсті деп қолымды қайырып алып кетті. Көлікте отырғанымда полицейлердің біреуі мойнымды қысып, бүйрегімді соққылай бастады. Содан кейін мені наркологияға алып барды. Наркологиялық орталықтағы мамандардан көмек сұрадым.
Олар мені травматологияға жіберді. Сол кезде мені сыртқа шығарған полицейлердің бірі маған "лянгі" етіп тебеміз деп ашық қорқытты. Кейін көлікке салып қайтып тепкілей бастады. Мені қылқындарды. Осы кезде талып қалдым. Мені өліп қалмасын деп полицейлер дәріханаға кіріп, дәрі алып, аузыма тыға бастады", - дейді полицейлерден қорлық көрген Шымкент қаласының тұрғыны.

Оның айтуынша, өзін қорлаған полицейлер - Шымкент қаласы, әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері. Жәбірленуші көрсеткен бейнежазбада ішкі істер органында қызмет атқаратын азаматтардың дөрекі әрекеттері байқалады.

Олардың полиция бөлімінде жұмыс істейтінін Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық ІІБ басшылығы растады. 

Осы жағдайға байланысты портал тілшісі Шымкент қаласы ІІД бөлімшесіне ақпараттық сұраныс жіберді. Дегенмен, сұранысымызға әлі де жауап келмеді.

Сіздің реакцияңыз
24
10
4
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel