RU
Астанада cоққыға жығылған бүлдіршіннің ісіне қатысты жаңа дерек пайда болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада cоққыға жығылған бүлдіршіннің ісіне қатысты жаңа дерек пайда болды

Рассказать Вконтакте

Астанада қансыраған күйі ауруханаға түскен кішкентай қыздың ағасы оның кереуеттен құлап қалғанын айтты деп хабарлайды Ктк арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ

Астанада аяусыз соққыға жығылған бүлдіршіннің ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды

Астанада аяусыз соққыға жығылған бүлдіршіннің ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды

Аяусыз соққыға жығылды делінген бес жасар қыздың ісімен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. Астанадағы балалар ауруханасына түскен бүлдіршіннің жағдайына бүгінде бүкіл ел алаңдаулы. Ал періштені осынша хәлге жеткізген кім?

Қазір кішкентай қыздың жағдайы тұрақты. Өміріне төнген еш қауіп жоқ. Көңілін аулаған медбикелермен ойнап жатыр. Дегенмен, дәрігерлердің қатаң бақылауында болғандықтан, жақындауға болмайды. Ал осыдан төрт күн бұрын жедел жәрдем көлігімен ес-түссіз хәлде жеткізілгенде қасында нағашы ағасы болыпты.

"Басынан аяғына дейін көгерген іздері болды. Содан кейін балаға компьютерлік тамография жасадық. Онда субдуральді қан ұйыған болды, гематома. Сондықтан баланы операцияға алдық, ота жасап. Отада субдоральді гематома болып, отадан алып шықтық", - дейді №2 қалалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ербол Қозыбағаров.

Ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратқан автордың сөзіне қарағанда, қыздың әкесі қайтыс болған, шешесі есірткі таратып, түрмеге түсіпті. Бүлдіршін нағашы ағасының тәрбиесінде болған екен. Көрген күнін елестету қиын. Бет әлпетінің сау жері жоқ. туыс ағасы кереуеттен құлады деген екен.

Бірақ, балалар омбудсмені Зағипа Балиева бұған күдікпен қарайды. Сондықтан жантүршігерлік оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тексермек.

"Кішкентай балапан ағасының үйінде тұрды. Ағасының отбасы бар, жұбайы бар, екі баласы бар. Соның қазір бәрін тексереміз, неге сондай жағдайға ұшыраған? Сондай қиындыққа қыз неге кез болды? Ал нағашысы болса, министрліктердің бірінде істейтін мемлекеттік қызметкер екен. Ол жиенінің кереуеттен құлап оңбай жарақаттанғанын айтып отыр. Десе де, мән жайды есін жиған бойда жеткіншектің өзінен сұралмақ. Ал кішкентай қыздың тағдырына алаңдаған адам көп. Көбі асырап алғысы келеді. Сондықтан, дүйім жұрт тергеу шараларының қорытындысын күтіп отыр" , - дейді Зағипа Балиева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
5
6
12
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel