RU
ОҚО-да тірідей өртенген жеті азаматты жер қойнына тапсырды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да тірідей өртенген жеті азаматты жер қойнына тапсырды

Рассказать Вконтакте

Атыраудағы «Қарабатан» құрылыс алаңында тірідей өртенген жұмысшылардың денелері үйлеріне оралды. Соқталдай жеті азаматты туғандары жер қойнына тапсырды деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да тірідей өртенген жеті азаматты жер қойнына тапсырды

ОҚО-да тірідей өртенген жеті азаматты жер қойнына тапсырды

«Ол осы айдың онына келу керек еді. Енді осындай бақытсыздық орын алды. Артында екі қызы мен ұлы қалды», - деп еске алды Мақсат Шыңғысбаевты жақын досы.

Сондай-ақ жерлеу рәсімі Кентау, Шымкент қаласы мен аудандарында өтті. Атыраудағы өрттен қазақ тапқан азаматтар осы өңірлерде дүниеге келген.

Айта кетейік, алапат өрт 2-ші наурыз күні Атырауда «Қарабатан» құрылыс алаңында шыққан болатын. Бұл уақытта жатақханада 20 азамат кезекшіліктен шығып, ұйқытап жатқан. 13 азамат өрттен өз еркімен шығып үлгерсе, алтауы оқиға орнында жан тапсырды. Ал бір азамат аурухана төсегінде өмірден өтті.

Қазір, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
16
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel