RU
Алматыда жұрт жер-көктен іздеген жеткіншек қызбен танысу үшін өзге облысқа кетіп қалған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жұрт жер-көктен іздеген жеткіншек қызбен танысу үшін өзге облысқа кетіп қалған

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 21 және 28 ақпанда жоғалған жасөспірімдер табылды. Із-түзсіз кеткен екі бала да Іле ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dp.vgorode.ua

Көрнекі фото: dp.vgorode.ua

Облыстың ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жасөспірім бір ауданның тұрғындары болғанымен, бір-бірін танымайды. Екеуі де Алматы қаласындағы колледждердің бірінде оқиды екен.

Іздеу барысында іздеу салынғандардың бірі компьютерлік клубтан табылса, екіншісі Жамбыл облысына әлеуметтік желіде танысқан қызбен кездесу үшін кетіп қалған.

Табылған балалар дін-аман және қазіргі таңда ата-анасымен бірге. Ал олардың себепсіз үйден қашып кеткеніне байланысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жөнелтілмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір