RU
"Канело" Головкинмен жекпе-жек қарсаңында допинг-сынақтан өтпей қалды
Жаңалықтар Әлемде

"Канело" Головкинмен жекпе-жек қарсаңында допинг-сынақтан өтпей қалды

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49−1−2, 34 КО) отандасымыз Геннадий Головкинмен мамырда өтетін қарымта жекпе-жек қарсаңында допинг-сынақ тапсырған еді деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Алайда GGG-мен бірінші шайқаста тең түскен Альварестен допингтің кленбутерол деген түрі табылды.

Бұл ақпаратты Golden Boy Promotions компаниясы растап, естіген бойда бүкіл БАҚ-қа таратты. Бұған қатысты ресми мәлімдеме BoxingScene сайтында жарияланды.

Кленбутерол – бұл атлеттердің бұлшық етін өсіріп, денеден майды кетіретін препарат. Ал адамнан бөлек бұл допинг малға да беріледі. Препаратты жемге қосып берсе, малдың салмағы артып, еті өседі екен.

Golden Boy промоутерлік компаниясы мұның себебі «Канелоның» осы препаратпен өсірілген малдың етін жегендіктен болуы мүмкін екенін айтып, болжам жасады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
3
1
1
15
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір