RU
Маңғыстауда қаңғыбас иттер қорадағы малды түгел қырып кеткен (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстауда қаңғыбас иттер қорадағы малды түгел қырып кеткен (фото)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстаудың Сайын Шапағатов ауылында қаңғыбас иттер бір қора малды түгел қырып кеткен. Қазіргі уақытта олар адамдарға да шабуыл жасауда деп хабарлайды «ҚазАқпарат-қа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

БҚО-да қаңғыбас иттер қорадағы малды түгел қырып кетті (фото)

БҚО-да қаңғыбас иттер қорадағы малды түгел қырып кетті (фото)

Көшеде қараусыз босып жүрген иттер Бақыт Ердәулетовтың қорасында тұрған бес қойы мен екі ешкісін қырып кеткен.

«Таңертең қораға қарай бара жатсам, айналасында қаңғыбас иттер толып жүр. Жүрегім зу ете қалды. Қораға қарай жүгірдім. Қойларым қырылып жатыр. Бәрі өлген. Бұл жалғыз біздің қорада ғана емес. Осыдан бірнеше күн бұрын осындай оқиға болды деп естігем. Қазір облыста малдар құтырумен ауыруда. Содан қорқамын. Иттерге де жұққан болса, балаларға мен адамдарға зияны тиеді ғой», - дейді Бақыт Ердәулетов.

Қазір жергілікті әкімдік пен полиция қызметкерлері бұралқы иттерді аулауға кіріскен. Түпқараған ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Аманқос Жұмағазиевтың айтуынша, арнайы комиссия да құрылған.

Ауыл тұрғындары осыған дейін 40-қа тарта қой-ешкінің өлгенін айтты. Тіпті, бала мен әйелді де жабайы иттер тістеп алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
3
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel