RU
Василий Левитке Олимпиаданың алтын медалі берілуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Василий Левитке Олимпиаданың алтын медалі берілуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жек нәтижесі қайта қаралып жатқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Василий Левитке Олимпиаданың алтын медалі берілуі мүмкін

Василий Левитке Олимпиаданың алтын медалі берілуі мүмкін

«Қазіргі кезде Халықаралық Олимпиада комитеті Левит пен Тищенконың жекпе-жегін қайта қарап жатыр. Бәріңіз ол жекпе-жекті көрдіңіздер. Әрине, осы жолы әділ шешім шығарылса, Қазақстанда сол Олимпиаданың төртінші алтыны болады», - деді Мұxамедиұлы.

Айта кетейік, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық боксшы Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасқан болатын.

Ол жекпе-жекте төрешілер жеңісті көрші елдің спортшысына берді. Алайда жанкүйрлер ондай шешіммен келіскен жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір