RU
Баян Мақсатқызы төсек қатынасын ұят санайтындарды сөгіп тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы төсек қатынасын ұят санайтындарды сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызы қазіргі жастардың төсек қатынасымен айналысып, жүкті болса амалсыздан баланы көшеге тастауға мәжбүр екенін жеткізді. Продюсер «Сені көшеден тауып алдық» дегенді естіп өскен баланың ойына жыныстық қатынастан жүкті болып қалу кіріп-шықпайтынын айтты деп хабарлайды «Talklike» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Баян Мақсатқызы instagram парақшасынан алынды

Фото: Баян Мақсатқызы instagram парақшасынан алынды

Мақсатқызы балаға ерте күнінен бәрін түсіндірген дұрыс деп есептейді. «Мүшеқаптың жарнамасын көргенде ұялып, ал баланы көшеге тастауға ұялмайтындарды» қазақи тәрбиенің жемісі», - деді ол.

«Қазақта бәрін ұятпен жауып қояды. Төсек қатынасы- ұят! Ажырасу – ұят! Бірақ бала туып, оны көшеге тастау, балалар үйіне өткізу ұят емес! Жеңіл жүріспен ақша табу ұят емес! Міне, біздің бәрін жасырғанымыздың арқасында осындай мәселелер туындайды», - деді Мақсатқызы.

Сондай-ақ Баян Алагөзова өзі ұят деп санайтын дүниелерді де атап өтті.

«Ал мен үшін ақша ұрлау, баланы көшеге тастау, ата-анама қолдау көрсетпеу – ұят! Ал менің парақшама боқауыз сөздер жазатын адамдарды мен тек аяймын. Себебі, олардың деңгейі, әлемі осы», - деді продюсер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
56
2
4
2
4
27
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel