RU
Әйелін баласының көзінше бауыздап тастаған күйеуі жантүршігерлік қылмысы туралы айтты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Әйелін баласының көзінше бауыздап тастаған күйеуі жантүршігерлік қылмысы туралы айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Баласының көзінше әйелін бауыздап тастаған күйеуі Facebook желісінде тікелей эфирге шығып, бүкіл әлем әйелдеріне ескерту жасады деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баласының көзінше әйелін өлтірген жігіт әлем әйелдеріне ескерту жасады

Баласының көзінше әйелін өлтірген жігіт әлем әйелдеріне ескерту жасады

41 жастағы сириялық қашқын Абу Марван бүкіл әлем әйелдеріне ескерту жасады. Оның айтуынша, күйеуіне ерегісіп, ашуына тиген әйелдердің күні қараң болмақ.

Абу мен оның бұрынғы әйелінің бір қыз, бір ұлы бар. Алайда 12 жыл өткен соң әйелі онымен ажырасып кеткен.

Әйелінің басқа сүйіктісі бар екенін білген ол балаларына келіп жүріп, оған бес рет пышақ салып, бауыздап кеткен.

Қылмыс жасаған ол 12 жастағы ұлын алып, қашып кеткен. Жолда ол болған жайтты Facebook желісінде өз аузымен айтып берген.

Ал үйіне келген қызы анасымен болған жайтты көріп, полиция шақырған. Қашқын екі сағаттан соң ұстап алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
1
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel