RU
Көктем емес жаз: Шымкенттіктер шомылу маусымын бастап кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Көктем емес жаз: Шымкенттіктер шомылу маусымын бастап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте көктемнің алғашқы күнінде-ақ шомылу маусымы басталып кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Оңтүстік өңіріне көктем ерте келеді. Алайда биыл көктемнің алғашқы күндері жаздың ыстық күніндей басталды. Әсіресе бесінші наурыз күні Шымкентте күн бірден қатты ысып, қала тұрғындары "Қошқар ата" өзеніне барып, шомылуды бастап кетті.

"Бесінші наурыз ағайын. Бұл Шымкент. Бізде қазір көктем емес жаз. Шомылу басталып кетті",- деп пікірін білдіреді бейнежазба авторы.

Алдағы күндері синоптиктер Шымкентте ауа райының +20 граудусқа дейін көтеріліп, күн ашық болатындығын болжады.

Дегенмен көктем мезгілінде Шымкентте жауын шашынды күндерде аз емес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
2
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір